elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Аймақ

ОТЫРАР АУДАНЫНА – 90 ЖЫЛ: «БЕРЕКЕЛІ – АЛТЫН КҮЗ» ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ .

17 сентября, 2025
in Аймақ, Мәдениет, Қоғам
0
ОТЫРАР АУДАНЫНА – 90 ЖЫЛ: «БЕРЕКЕЛІ – АЛТЫН КҮЗ» ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ .
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
ОТЫРАР АУДАНЫНА – 90 ЖЫЛ: «БЕРЕКЕЛІ – АЛТЫН КҮЗ» ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ .
Бүгін Отырар ауданының 90 жылдық меретойы кең көлемде аталып өтуде. Іс-шара аясында аудан орталығында «Берекелі – алтын күз» ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Мерекелік жиынға келген көпшілік орталық алаңдағы ауыл шаруашылығы өнімдері мен техникаларының, «Отырар шұғыласы» атты қолөнер бұйымдары мен ұлттық құнды жәдігерлердің, көркемсурет және танымдық кітаптар көрмесімен танысты.
Алтын күз – бұл табиғаттың ерекше сұлулығы мен тыныштығын көрсететін мезгіл. Ағаштардың жапырағы қызыл, сары, алтын түске боялып, жерді кілемдей жабады. Күннің сәулесі жұмсақ жылылық сыйлайды, ауа салқын әрі сергітетін болады. Күз – жаңару мен ойлану мезгілі, адамдар табиғатқа қарап шабыт алады, дала мен орманда серуендеу ерекше рахат сыйлайды. Бұл мезгіл еңбек пен өнім жинау уақыты ретінде де маңызды, ал қалаларда күздің сәні саябақтар мен көшелерде көрініс табады.
Салтанатты іс-шара Отырардың тарихи тұлғаларының шеруімен басталып, одан әрі ҚР Мәдениет қайраткері Хадиша Шалабаеваның орындауындағы Шәмші Қалдаяқовтың «Отырардағы той» әні көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлады.
Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы аудан тұрғындары мен қонақтарын мерейлі мерекемен құттықтап, ауданның озат шаруаларын марапаттады.
Аудан басшысы құттықтау сөзінде: «Отырар ауданы еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына өз үлесін қосып келеді. Ауыл шаруашылығы, білім, мәдениет, туризм мен инфрақұрылым салаларында жеткен жетістіктер – осы өңір халқының табанды еңбегінің жемісі, елге деген адал қызметінің нәтижесі деп білемін. Тарихы терең, тағылымы мол Отырардың 90 жылдық мерейтойы – өткенге тағзым етіп, келешекке сеніммен қадам басатын тарихи сәт. Бұл мерейлі белес ауданның жарқын болашағына деген жаңа серпін, жаңа бастамалардың бастауы болсын» — деді.
Іс-шарада аудандық мәслихаттың төрағасы Уәлихан Ұзақов та тұрғындарды мерейтоймен құттықтап, өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтарға «Отырар ауданына – 90 жыл» мерекелік медалін табыстады. Сондай-ақ, мемлекет және қоғам қайраткерлері Орынбай Рахманбердиев, Қуаныш Айтаханов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов, ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор Әбдірахман Омбаев, қоғам қайраткерлері Созақбай Әбдіқұлов пен Кенжехан Төлебаев жүрекжарды лебіздерін жеткізді.
Мерекелік іс-шара одан әрі концерттік бағдарламаға ұласып, Берік Сексенбек, Хадиша Шалабаева, Ермахан Әшіров, «Алатау voice» тобы, Нұрлан Балтақожа, Зере Жүнісбай, Айдос Омаров, Досхан Одаманов сынды ауданнан шыққан өнер жұлдыздары әннен шашу шашты.
Алдыңғы пост

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК БАСТАУЫ.

Келесі жаңалық

"Діни экстремизмнің алдын алу және ұлттық құндылықтарды насихаттау" тақырыбында жасөспірімдермен кездесу өтілді.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі