elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА ПЕДИАТРИЯ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНЫП, ТЫҢ БАСТАМАЛАР КӨТЕРІЛДІ.

26 сентября, 2025
in Uncategorized, Аймақ, Білім, Басты жаңалықтар, Таным, Түркістан облысы
0
ТҮРКІСТАНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА ПЕДИАТРИЯ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНЫП, ТЫҢ БАСТАМАЛАР КӨТЕРІЛДІ.
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
  ТҮРКІСТАНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА ПЕДИАТРИЯ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНЫП, ТЫҢ БАСТАМАЛАР КӨТЕРІЛДІ.
2025 жылғы 25-26 қыркүйек күндері Түркістан қаласы әлемнің түкпір-түкпірінен келген балалар дәрігерлері мен ғалымдарының басын қосқан ғылыми орталыққа айналды. Мұнда «Балалар ауруларын емдеудегі сарапшылардың пәнаралық консенсусы» атты II Халықаралық ғылыми-білім беру конференциясы өтті.
Конференцияға Қазақстаннан бөлек, Ресей, Орталық Азия елдері, Түркия, Қытай, Еуропа және АҚШ-тан жетекші сарапшылар қатысты. Басты назарда – балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын қорғаудың өзекті мәселелері.
Ашылу барысында Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
Конференция аясында секциялық және панельдік отырыстар ұйымдастырылып, балалар ауруларын ерте диагностикалау, емдеудің жаңа тәсілдері, биологиялық қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Әсіресе, жасанды интеллекттің медицинадағы рөліне ерекше назар аударылды: ауруларды ерте анықтау, емдеу тактикасын жетілдіру, электрондық денсаулық сақтау жүйелерін дамыту және үлкен деректерді талдау бойынша идеялар айтылды.
Шетелдік дәрігерлер Түркістан қалалық балалар ауруханасына арнайы барып, «Қамқорлық» оңалту орталығы мен «Балалық шақтағы ауруларды ықпалдастыра жүргізу» бағдарламасы бойынша мамандарды оқытатын орталықтың жұмысымен танысты. Сонымен қатар консультативті-диагностикалық орталықта орфандық туа біткен аурулары бар балаларға кеңес беріп, емдеу тактикасына түзетулер енгізді. Жансақтау бөлімінде жатқан ауыр хәлдегі науқастарды да қарап, реаниматолог мамандармен бірлесіп маңызды ұсыныстар айтты.
Түркістанды конференция алаңы ретінде таңдаудың да өзіндік мәні бар. Бұл – Қазақстанның рухани жүрегі ғана емес, тарихи дәстүр мен заманауи медицинаның тоғысқан орталығы.
Шетелден келген мамандар Түркістандағы медициналық ұйымдардың жұмысына жоғары баға берді. Олардың айтуынша, өңірде медициналық инфрақұрылымның дамуы мен дәрігерлердің кәсіби әлеуеті халықаралық деңгейдегі ынтымақтастыққа толық сәйкес келеді.

Бұл форум педиатрия саласында ортақ ұстаным қалыптастыруға, балалар денсаулығын қорғау ісінде жаңа стандарттарды енгізуге және халықаралық ғылыми-білім беру ынтымақтастығын нығайтуға серпін берді.Педиатрия – бұл медицина ғылымының балалардың денсаулығын сақтау, олардың ауруларын анықтау, емдеу және алдын алу мәселелерімен айналысатын саласы. Педиатрия жаңа туған нәрестеден бастап жасөспірім кезеңіне дейінгі балалардың дене және психикалық дамуын бақылап, олардың дұрыс өсуін қамтамасыз етуді мақсат етеді.

Педиатр дәрігерлер бала ағзасының ерекшеліктерін жақсы біледі, себебі балалардың физиологиялық жүйелері ересектерден өзгеше болады. Сондықтан да әр жастағы баланың тамақтану тәртібі, ұйқысы, физикалық белсенділігі және ауруға қарсы иммунитеті әртүрлі қалыптасады. Педиатрия саласы бірнеше тармақтарға бөлінеді: неонатология (жаңа туған сәбилер), балалар хирургиясы, балалар неврологиясы, кардиология, эндокринология және т.б.

Педиатрдың негізгі міндеті – баланың денсаулығын жүйелі түрде бақылап, профилактикалық тексерулер өткізу, екпелер жасау және ата-аналарға бала күтімі жөнінде кеңес беру. Сонымен қатар педиатр балалардың жұқпалы және созылмалы ауруларын ерте анықтап, тиімді ем жүргізеді.

Педиатрия қоғамның болашағы – дені сау ұрпақ тәрбиелеудің басты кепілі болып табылады. Балалардың денсаулығына ерте жастан мән беру – елдің әлеуметтік және экономикалық дамуына үлкен үлес қосады.

Алдыңғы пост

ҚАРТТАР КҮНІНЕ ОРАЙ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН "АШЫҚ ЕСІК КҮНІ" АУДАНДЫҚ ЕМХАНАДА ЖЫЛЫ ІЛТИПАТПЕН АТАЛЫП ӨТТІ.

Келесі жаңалық

ИНСУЛЬТ ДЕНСАУЛЫҚ МЕКТЕБІ.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі