elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАНДА ТУБЕРКУЛЕЗГЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТКЕ 100 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-КОНФЕРЕНЦИЯ БАСТАЛДЫ.

16 октября, 2025
in Uncategorized, Аймақ, Білім, Түркістан облысы
0
ТҮРКІСТАНДА ТУБЕРКУЛЕЗГЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТКЕ 100 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-КОНФЕРЕНЦИЯ БАСТАЛДЫ.
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
ТҮРКІСТАНДА ТУБЕРКУЛЕЗГЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТКЕ 100 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-КОНФЕРЕНЦИЯ БАСТАЛДЫ.
Түркістанда Түркістан облысының туберкулезге қарсы қызметіне 100 жыл толуына арналған «Туберкулезге қарсы күрестегі жаһандық және өңірлік үрдістер» атты халықаралық ғылыми-практикалық концеренциясының ашылу салтанаты өтті. Екі күнге жоспарланған шара офлайн формата өтуде. Аталған іс-шараға еліміздің және шетелдік медицина мамандары, сала ардагерлері мен денсаулық сақтау саласының өкілдері қатысуда.
Іс-шараның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, мерейлі мерекемен құттықтады.
– Сіздерді Түркістан облыстық фтизиопульмонология орталығының 100 жылдық мерейлі мерекесімен құттықтаймын! Ғасырлық тарихы бар бұл орталық – халқымыздың денсаулығын қорғау жолында аянбай еңбек еткен бірнеше буын дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің табанды еңбегінің көрінісі. Бұл – оңай жол емес, сан мыңдаған тағдырға араша түскен, үміт отын жаққан, өмір сыйлаған қасиетті жол. Туберкулез – ғасырлар бойы адамзатқа қауіп төндіріп келген күрделі ауру. Бірақ осы дертпен күресте біздің өңіріміздің фтизиатр-дәрігерлері үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Бұл – сіздердің кәсіби біліктілік адамға деген шынайы жанашырлық және адал қызметтің нәтижесі. 100 жыл – тек тарих емес, бұл – тәжірибе, табыс және тағылым. Осы уақыт ішінде орталық заман ағымына сай өзгеріп, жаңарып, ғылыми жетістіктермен ұштасып, бүгінде озық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуде – деген Ертай Кенжебекұлы дәрігерлерге құрмет көрсетті.
Бүгінгі таңда «Облыстық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ МКК мекемесі Түркістан облысы мен Шымкент қаласының тұрғындарына арнайы мамандандырылған медициналық көмек көрсетуде. Орталықта 250 тәуліктік стационарлық төсек орын бар. Пульмонологиялық және Оңалту бөлімдері жұмыс істейді. Медицина мекемелері соңғы талаптарға сәйкес алынған құрал-жабдықтармен қамтылған. Атап айтқанда, стационарлық электрокардиограф, компьютерлік спирограф, клинакалық зерттеулерді жасайтын биохимиялық анализаторлар бар. Сондай-ақ Облыстық диспансерде Халықаралық қазақ-түрік университеті және Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының клиникалық базасы орналасқан. Мұнда жылына 1000-нан аса студенттер дәріс алып, тәжірибеден өтеді.
Айта кетсек, түстен кейін конференция секцияларға жалғасады. Жалпы конференцияға 1000-нан аса адам жиналды. Шетелдік және еліміздің фтизиопульмонология саласындағы ең білікті мамандар түрлі тақырыпта баяндама жасайды.
Алдыңғы пост

Ордабасы аудандық орталық ауруханасының балалар бөлімінде жаңашылдық.

Келесі жаңалық

ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚЫСҚЫ МАУСЫМҒА ДАЙЫНДЫҒЫ ТЕКСЕРІЛДІ.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі