elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАНДА ТІГІЛГЕН СӘУКЕЛЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ РЕКОРДТАР КІТАБЫНА ЕНДІ.

13 октября, 2025
in Uncategorized, Аймақ, Түркістан облысы, Қоғам, Әлеумет
0
ТҮРКІСТАНДА ТІГІЛГЕН СӘУКЕЛЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ РЕКОРДТАР КІТАБЫНА ЕНДІ.
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
ТҮРКІСТАНДА ТІГІЛГЕН СӘУКЕЛЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ РЕКОРДТАР КІТАБЫНА ЕНДІ.
Түркістанда тігілген ең үлкен сәукеле Қазақстанның рекордтар кітабына енгізілді. Бірегей экспонат 30-дан астам түркі халықтарының ою-өрнектерімен безендірілген. Әйелдерге арналған ұлттық бас киімнің биіктігі 5 метрден асады, ал жабуы 600 метр. Сонымен қатар, сәукеле халықаралық «Global Book of Records» рекордтар кітабына еніп, арнайы сертификат табысталды.
Тарихи сәтте Түркістанға Қазақстанның рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов арнайы еліп, сәукеленің рекордтық мәртебесін ресми түрде жариялады. Ол әлемде мұндай үлкен бас киімді ешкім жасамағанын атап өтіп, жобаны Гиннестің үшінші әлемдік рекордтар кітабына енгізу үшін тіркеу басталғандығын айтты.
Жоба авторы Ақмарал Дауылбаеваның айтуынша, ұлттық бас киім — бұл киімнің элементі ғана емес, халық бірлігі мен рухани сабақтастықтың айнасы.
«Сәукелеміздің биіктігі көкпен таласып, шыңмен тіресіп тұрсын дедік. Сондықтан оны 5 метр 20 сантиметр етіп жасадық. Ал, ою-өрнегін терең мағынамен көмкеруді жөн көріп, сәукеленің кейпінен Жер ананың бейнесін жасадық. Бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербеткен Ана — өмірдің мәңгілігін, тіршіліктің түп-тамырын білдіреді. Сол себепті оюын өмір ағашы бейнесінде өрнектедік»,- деді жоба авторы.Рекорд кітабы — адамдардың, жануарлардың, табиғи құбылыстардың немесе техника мен ғылымдағы ерекше жетістіктерін ресми түрде тіркеп, әлемге жариялайтын жинақ. Ең танымалы — Гиннестің рекордтар кітабы (Guinness World Records). Ол 1955 жылдан бері жыл сайын шығарылады және әлем бойынша миллиондаған рекордтарды қамтиды.

Бұл кітапқа кез келген адам өз жетістігімен ене алады. Ол үшін рекордтың ерекше, өлшенетін, дәлелденетін және қайталанатын болуы шарт. Өтініш ресми сайт арқылы жіберіледі, ал рекордты растау үшін бейне, фото, куәгерлердің мәліметтері ұсынылады.

Рекордтар кітабының түрлері көп: әлемдік, ұлттық, аймақтық және тіпті жергілікті рекорд жинақтары да бар. Қазақстанда да ерекше жетістіктерді тіркейтін платформалар мен байқаулар бар. Мұндай кітаптар адамдарды жаңа табыстарға ұмтылдырып, қызығушылық пен мотивация береді.

Алдыңғы пост

ӘЗІМБЕК ПАЗЫЛБЕКҰЛЫ: «КӨМЕК ШЫН МҰҚТАЖ АЗАМАТТАРҒА ЖЕТУІ ТИІС».

Келесі жаңалық

Қызмет сапасын облыстық және республикалық деңгейге көтеру.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі