elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ӘЗІМБЕК ПАЗЫЛБЕКҰЛЫ: «КӨМЕК ШЫН МҰҚТАЖ АЗАМАТТАРҒА ЖЕТУІ ТИІС».

13 октября, 2025
in Uncategorized, Аймақ, Білім, Қоғам, Әлеумет
0
ӘЗІМБЕК ПАЗЫЛБЕКҰЛЫ: «КӨМЕК ШЫН МҰҚТАЖ АЗАМАТТАРҒА ЖЕТУІ ТИІС».
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
ӘЗІМБЕК ПАЗЫЛБЕКҰЛЫ: «КӨМЕК ШЫН МҰҚТАЖ АЗАМАТТАРҒА ЖЕТУІ ТИІС».
Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте халықты әлеуметтік қолдау шараларының орындалу барысы, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудың өзекті мәселелері және кедейлік деңгейін төмендету бағытындағы жұмыстар қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Эльмира Бейсенова баяндама жасады. Оның айтуынша, 2025 жылдың 9 айының қорытындысымен 8 233 адам, яғни 1 293 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алған.
Өткен жылмен салыстырғанда кедейлік деңгейі 5,5 пайыздан 4 пайызға дейін төмендеген. Соның нәтижесінде 3 531 адам немесе 610 отбасы кедейлік шегінен шыққан. Сондай-ақ D–E деңгейлі отбасылар саны 358-ге азайып, жалпы төмендеу көрсеткіші 2,4 пайызды құраған.
Әлеуметтік инфрақұрылымды жетілдіру бағытында да оң нәтижелер байқалады. Жыл басынан бері 13 нысан мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қажеттілігіне бейімделіп, жалпы бейімделген нысандар саны 182-ге жетті.
Мәжіліс барысында қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау процесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруды, сондай-ақ азаматтарды жұмыспен қамту тетіктерін күшейтуді тапсырды.
«Көмек шын мұқтаж азаматтарға дер кезінде жетуі тиіс. Біз халықты тек жәрдемақыға тәуелді етпей, тұрақты табыс көзіне жеткізуді мақсат етуіміз қажет. АӘК жұмыспен қамту бағдарламаларымен тығыз байланыста болуы керек», – деді қала әкімі.
Қазіргі таңда учаскелік комиссиялардың қызметі толық цифрландырылған. Өтініш берушілердің деректері мобильді қосымша арқылы тіркеліп, процестің ашықтығы қамтамасыз етілуде. 2025 жылы әлеуметтік қорғау саласында жалпы 8 951 өтініштің 6 697-і қанағаттандырылған.
Ал қалада мүгедектігі бар 12 202 азаматтар болса, жалпы халықтың 5 пайызын құрайды. Олар протездік-ортопедиялық бұйымдармен, сурдо-тифлотехникалық және гигиеналық құралдармен, сондай-ақ кресло-арбалармен қамтамасыз етілуде.
Мәжіліс соңында қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу рәсімінің ашықтығын күшейтіп, шынайы мұқтаж азаматтарды анықтау жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Сондай-ақ, жұмыссыз және табысы төмен азаматтарды тұрақты жұмыспен қамту, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді орта қалыптастыру бағытындағы шараларды күшейтуді міндеттеді.
Алдыңғы пост

ӘЗІМБЕК ПАЗЫЛБЕКҰЛЫ: «МАҒАН НАҚТЫ НӘТИЖЕ МЕН ТҰРҒЫНДАРДЫҢ РИЗАШЫЛЫҒЫ ҚАЖЕТ».

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДА ТІГІЛГЕН СӘУКЕЛЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ РЕКОРДТАР КІТАБЫНА ЕНДІ.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі