
Түркістан қалалық орталық кітапхана мен көзі көрмейтін жəне əлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханамен бірлесе отырып 1 қазан — Халықаралық қарттар күніне орай “Қарттарым —
асыл қазынам” атты тақырыпта өнегелі кеш болып өтті.
Мақсаты жастардың бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, салт — дəстүрден нəр алып өсуіне, жастарды инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тəрбиелеу.
Шараға Түркістан қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітарханаларды дамыту бөлімінің əдіскері Журкаева Жансұлу Божбанбайқызы, кітапханашы, зейнеткер Тойлақова Раушан, белсенді ұзақ өмір сүру орталығының белсендісі Ханзадаева Күлаш қатысып, халқымыздың тəлім — тəрбиесі ананың ақ сүтімен, əже өнегесімен, аталар ақылымен жалғасып келе жатқанын айтты.
Арнайы кітапхананың оқырманы Назарқұл Құралай “Елге сəлем, “Мен бір жұмбақ жанмын”, белсенді өмір сүру орталығының белсендісі Қалмұрзаева Бибайша “Талғар” əнін орындады.
Түркістан қалалық орталық кітапхананың кітапханашысы Төлбасы Эльвира ақын Мұқағали Мақатаевтың “Шеше, “Тілдерді оқыту жəне дамыту” орталығының маманы, кітапхананың тұрақты оқырманы Жұмабай Айгерім өз арнауын арнаса, оқушылар сарайының “Дəстүрлі əн” үйірмесінің оқушысы Айдосқызы Інжу “Қалқанның əні қалқа”, “Смет” атты əндерін қазақтың қара домбырасымен орындады.
Шара соңында оқырмандар “ Қарттарын қадірлеген ел ардақты” атты кітап көрмесімен танысты.Кітаптың адам өміріндегі орны өте маңызды. Ол тек білім мен ақпараттың көзі ғана емес, адамның жан дүниесін дамытуға, ой-өрісін кеңейтуге, мәдениетін қалыптастыруға үлкен ықпал етеді. Кітапты оқу арқылы адам жаңа идеялармен танысады, әртүрлі көзқарастарды түсінеді, тіл байлығын арттырады. Кітап – өткен мен бүгіннің арасын жалғап, ұрпақтан-ұрпаққа қазына жеткізетін рухани мұра.
Кітап адамды тәрбиеге, еңбекке, ізденіске баулиды. Ол қиялды дамытып, ойлануға, талдауға, дұрыс шешім қабылдауға үйретеді. Көркем әдебиет оқырманды басқа әлемге жетелеп, сезімін тереңдетсе, ғылыми және танымдық кітаптар білімін толықтырып, кәсіби дамуына көмектеседі. Кітап оқу адамның өзін-өзі тануына, ішкі мәдениетін қалыптастыруға, рухани бай болуына қызмет етеді. Сондықтан кітап – әр адамның өміріндегі ең сенімді ұстаз және өмірлік жолсерік.
