elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Білім

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУЫ СОҒЫЛДЫ.

1 сентября, 2025
in Білім, Басты жаңалықтар, Түркістан облысы
0
ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУЫ СОҒЫЛДЫ.
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУЫ СОҒЫЛДЫ.
Бүгін Түркістан қаласының мектептерінде жаңа 2025-2026 оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын өтті.
Қаладағы 85 мектепте алғашқы қоңырау соғылып, 5 500 бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Жалпы оқу ордаларында 55 мыңнан астам оқушы білім алмақ.
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы арнайы жақында күрделі жөндеуден өткен №9 Некрасов атындағы мектептің алғашқы қоңырау салтанатты шарасына қатысып, ұстаздар мен оқушыларды айтулы мерекемен құттықтады.
-Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәстүрлі тамыз конференциясында: «Ұстаз – ұлттың шамшырағы. Елдің ертеңі мұғалімдерге тікелей байланысты. Сондықтан ұстаздың қоғамдағы орны бәрінен биік болуға тиіс» – деп атап өткендей, білім беру саласының дамуы ел болашағы үшін ерекше маңызға ие.
Өткен оқу жылы білім саласы үшін табысты болды. 178 түлек «Алтын белгі», 250 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды. Түлектердің 80 пайыздан астамы мемлекеттік грантқа ие болып, жоғары оқу орындарында жоғары білімін жалғастырмақ. Оқушылар республикалық және халықаралық олимпиадалар мен түрлі байқауларда жүлделі орындарға ие болып, қаламыздың абыройын асқақтатты. Биыл одан да жоғары жетістікке жететінімізге сенемін. Жаңа оқу жылында ұстаздарға қажымас қайрат, шығармашылық табыс, оқушыларымызға үздіксіз ізденіс пен білім шыңына жетуді тілеймін, — деді қала басшысы.
Айта кетейік, биыл жаңа оқу жылына дайындық барысында бірқатар білім нысандарында жөндеу жұмыстары жүргізілді. Төрт мектеп күрделі жөндеуден, жеті мектеп ағымдағы жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, биыл қосымша екі жаңа нысан – Өнер мектебі мен Балалар-жасөспірімдер орталығы ашылмақ. Бұл – балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға зор мүмкіндік беретін маңызды қадам.
Сондай-ақ, 150 балабақшада 17 мыңнан астам бүлдіршін тәрбиеленіп жатыр.
Алдыңғы пост

“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру тәжірибесі" тақырыбында облыстық оқыту семинары өтті.

Келесі жаңалық

Халықаралық қарттар күніне орай “Қарттарым - асыл қазынам” атты тақырыпта өнегелі кеш болып өтті.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі