elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАНДА ЕҢБЕК КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ.

23 сентября, 2025
in Uncategorized, Аймақ, Басты жаңалықтар, Түркістан облысы
0
ТҮРКІСТАНДА ЕҢБЕК КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ.
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
  ТҮРКІСТАНДА ЕҢБЕК КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ.
Түркістанда Еңбек күніне орай «Адал азамат – адал еңбек» атты салтанатты іс-шара өтті. Аталған шараға облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев қатысып, еңбек адамдарына құрмет көрсетті.
– Бұл мереке – қоғамның дамуы мен елдің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып келе жатқан еңбек адамдарына деген шынайы құрмет пен ізеттің көрінісі. Мемлекетіміздің басты міндеті – халықты нәтижелі жұмыспен қамту арқылы олардың өмір сапасын көтеру. Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында еңбек адамын қолдау, жұмысшы кәсібінің мәртебесін көтеру – басты мақсаттарымыздың бірі. Облыс тұрғындарын лайықты жұмыспен қамту мақсатында Өңірлік жұмыспен қамту картасы жасақталып, осы жылы 130 мыңнан астам тұрғынды жұмыспен қамту межеленді. Қазіргі таңда 101 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылды, оның 35 мыңнан астамы – жұмысшы мамандық иелері. Ұлттық жобалар аясында 3 156 азамат жұмысқа орналасты. Жеке инвестиция арқылы 1 584 жаңа жұмыс орны ашылды. «10 мың тұрғынға – 100 жаңа жұмыс орны» жобасы бойынша 27 мыңнан аса жұмыс орны ашылып, 29 мыңнан аса азамат жұмыспен қамтылды. Жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін 1788 азамат 400 АЕК көлемінде мемлекеттік қайтарымсыз грант қаражатымен қамтылды, – деді Бейсен Тәжібаев.
Іс-шара аясында «Парыз – 2025» және «Еңбек Жолы – 2025» конкурстарының өңірлік жеңімпаздары марапатталды. Олардың қатарында «Казатомпром- SaUran» ЖШС, «М. Юлдашев атындағы спорт мектебі», «KAP Logistics» ЖШС, «Көркем Аймақ» ЖШС және еңбек озаттары: Дербисовтер әулеті, Ғалымжан Байдосов пен Гулайхон Ерманова бар.
40-қа жуық жұмыс беруші қатысқан «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде» тұрғындарға 1000-нан астам бос жұмыс орны ұсынылды. Инженерден бастап IT-маманға дейін 50-ден астам мамандық қамтылды.Еңбек күні – бұл жұмысшылар мен еңбекті бағалайтын адамдарды құрметтейтін халықаралық мереке. Ол әр елде әртүрлі уақытта тойлануы мүмкін, бірақ әлемде ең танымалы – 1 мамыр күні, яғни Халықаралық Еңбек Күні. Бұл күн еңбек адамдарын, олардың құқықтары мен әлеуметтік жағдайларын қолдауды насихаттау үшін белгіленген.

Еңбек күні тарихы 19-шы ғасырдың соңына дейін барып тіреледі. Сол кезде өндіріс пен өнеркәсіп қарқынды дамып, жұмысшылардың еңбегі ауыр және ұзақ болатын. Америка мен Еуропада жұмысшылар өз құқықтарын қорғау мақсатында демонстрациялар ұйымдастырып, 8 сағаттық жұмыс күнін енгізуді талап етті. Әсіресе 1886 жылы Чикагода өткен ереуілдер тарихи маңызы бар оқиға болып саналады. Бұл оқиғалар еңбек адамдарының құқықтары мен қауіпсіздігін жақсартуға жол ашты.

Қазіргі таңда Еңбек күні тек еңбек адамдары үшін мереке ғана емес, сонымен бірге олардың қоғамдағы рөлі мен еңбектің қадірін еске салатын күн. Көптеген елдерде бұл күні жұмысшылар демалады, әртүрлі салтанатты шаралар, концерттер, көрмелер, флешмобтар ұйымдастырылады. Бұл мереке жастарға еңбекқорлықтың, жауапкершіліктің және ұйымшылдықтың маңызын түсіндіруге мүмкіндік береді.

Қазақстанда да Еңбек күні ерекше атап өтіледі. Бұл күні еңбек адамдарына түрлі марапаттар беріледі, еңбекті бағалау рәсімдері өткізіледі. Сонымен қатар, халықтың еңбекті қадірлеу мәдениетін арттыруға, еңбек қауіпсіздігін сақтау мен жұмыскерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылады.

Еңбек күні – тек мереке емес, сонымен қатар еңбек адамдарының қоғамдағы орны мен еңбектің маңыздылығын еске салатын маңызды күн. Ол әр адамға өзінің еңбегін бағалауға және еңбектен қуаныш табуға шабыт береді.

 

Алдыңғы пост

ҚАНТ ДИАБЕТІ ДЕНСАУЛЫҚ МЕКТЕБІ.

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ БӨЛІМДЕРДІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі