elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАНДА ОҚУШЫЛАР САБАҚ БАРЫСЫНДА ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОН ҚОЛДАНУДАН БАС ТАРТТЫ.

18 августа, 2025
in Uncategorized, Білім мен ғылым, Түркістан облысы
0
ТҮРКІСТАНДА ОҚУШЫЛАР САБАҚ БАРЫСЫНДА ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОН ҚОЛДАНУДАН БАС ТАРТТЫ.
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
ТҮРКІСТАНДА ОҚУШЫЛАР САБАҚ БАРЫСЫНДА ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОН ҚОЛДАНУДАН БАС ТАРТТЫ.
Енді Түркістан қаласындағы бірқатар білім беру ұйымдарында оқушылар сабақ барысында ұялы телефон қолданбайды. Бұл бастаманы Түркістан қалалық білім бөлімі қолға алып, “Смартфонсыз мектеп” жобасын ұсынды. Ұсынысқа ата-аналардан бастап, ұстаздар мен балалар ерікті түрде келісім беріп, құптап отыр. Мектеп қабырғасына келген әр сыныптағы оқушыларға бөлек телефон сақтайтын қорапша әзірленген. Білім алушылар телефонды сабақтан тыс, үзілістерде пайдалана алады.
Осыған дейін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қазақстанда оқушылардың смартфон ұстауына неге шектеу қойылатынын түсіндірген болатын.
«Ата-аналар мен педагогтардан келіп түскен өтініштер мен шағымдардың нәтижесінде осындай шешім қабылданып отыр. Тағы қайталап айтамын, бұл – сабақ барысында мұғалімдердің рұқсатынсыз оқушылардың смартфонды пайдаланбауына қатысты заң. Алайда сабақ біткеннен кейін және сабақтан тыс уақытта оқушы өзінің ұялы телефонын алып, ата-анасына хабарласа алады. Мектеп негізінен саналы тәрбие мен сапалы білім беру керек. Сондықтан оқушылар сабақтың барысында мұғалім берген материалды толық меңгеріп, өзінің білімін шыңдауы қажет. Әрине, бүгінде балаларымызды смартфондар алаңдататыны алады. Оның мұндай құқығы шектелген жоқ. Бұл – тек сабақ барысындағы шектеу”, — деген еді министр.
Басты мақсат – білім сапасын арттыру, оқушылардың ойлау қабілеті мен психологиялық денсаулығына оң әсер ету. Сондай-ақ, бір-біріне деген қарым-қатынасты жақсартып, бос уақытты тиімді пайдалана білу.
Міне, осындай нақты ережелер мен бақылау шараларын енгізу смартфондардың білім беру ортасына тигізетін зиянын азайтып, сапалы білім мен тәрбиеге назар аударуға орасан ықпал етпек. Бір қарағанда қарапайым мәселе боп көрінгенімен, бұл жоба болашақ ұрпақ үшін өте маңызды қадам!
Ендеше, әрбір баланың өз елінің саналы, білімді азаматы боп қалыптасуы үшін Сіздер де осы бастамаға барынша қолдау білдіріп, бөлісе жүріңіздер!
Алдыңғы пост

Қауіп-қатер туындаған жағдайда әрекет ету ережелерін көрсету және алдын алу бойынша ескерту жұмыстары жасалды.

Келесі жаңалық

МАҚТА ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі