elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Uncategorized

«Отырар» өңірлік маңызы бар индустриялық аймағы және орналасатын жаңа жобалар.

24 июля, 2025
in Uncategorized, Аймақ, Таным, Түркістан облысы, Экономика, Әлеумет
0
«Отырар» өңірлік маңызы бар индустриялық аймағы және орналасатын жаңа жобалар.
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Отырар» өңірлік маңызы бар индустриялық аймағы және орналасатын жаңа жобалар.

Индустриалды аймақты қайта құру бойынша, Аудан әкімінің 2025 жылғы 24 қаңтардағы №6-шы қаулысына сәйкес, «Отырар» индустриалды аймағын құру үшін Қарғалы ауыл округіне қарасты өнеркәсіп, көлік, байланыс жері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік аймағы мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер санатындағы жерден іске асатын инвестициялық жобаларға 85 гектар жер учаскесісі қарастырылып отыр.

Бүгінгі таңда Индустриалды аймақтағы негізі бар инфрақұрылымын (темір жол тұйығы, электр желісі, жол, су және кәріз жүйелері) қайта қалпына келтіру үшін бүгінгі таңда индустриалды аймақтағы негізі бар инфрақұрылымын (темір жол тұйығы, электр желісі, жол, су және кәріз жүйелері) қайта қалпына келтіру үшін қарастырылып отырған 85 гектарға жобалау сметалық құжаттамасы (ЖСҚ) жасақталуда.

Аталған индустриалды аймаққа жергілікті және шет елдік инвесторларды тарта отырып, өнеркәсіп,  өңдеу өнеркәсібі, қайта өңдеу, ауыл шаруашылық тауарларын қайтау өңдеу бойынша 2 жобаның құрылысы жүргізілуде.

  1. «OTYRAR Cotton» ЖШС, мақта өңдеу зауыты жобасы. Жалпы құны – 2,7 млрд. тг. Қуаттылығы – жылына 12 мың тонна. Жоба аясында 50 адам жұмыспен қамтылады. Бүгінгі таңда зауыттың орны тегістеліп, мақта өңдеуге қажетті құрал-жабдықтар жеткізілді. Құрылыс жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

Іске асыру мерзімі: 2025 жыл (мамыр-қараша).

«OTYRAR Cotton» ЖШС, күріш өңдеу зауыты жобасы. Жалпы құны – 769,4 млн. тг. Қуаттылығы – күніне 10 тонна. Жоба аясында 15 адам жұмыспен қамтылады. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Іске асыру мерзімі 2026 жыл (мамыр-қараша).

Инвестор тартудың пайдасы өте зор, әсіресе бизнес пен жобалардың дамуына серпін береді. Инвестор ең алдымен кәсіпкерге қажетті қаржылық қолдау көрсетеді. Бұл қаражат арқылы компания өндіріс көлемін арттырып, жаңа технологиялар енгізіп, өнім сапасын жақсарта алады. Сонымен қатар, инвестор тек қаржымен ғана шектелмей, тәжірибесі мен кеңесін ұсынып, бизнестің стратегиялық дамуына көмектеседі. Көп жағдайда инвесторлар нарықтағы байланыстарын пайдаланып, жаңа серіктестер табуға немесе өнімді шетелге шығаруға ықпал етеді. Бұл кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Инвестор тарту кәсіпкер үшін тәуекелді азайтады, себебі бизнес шығындары мен жауапкершілігі ортақтасады. Сондай-ақ, инвестордың қатысуы жобаның сенімділігін арттырып, банктерден қосымша несие алуға немесе мемлекеттен қолдау табуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, инвестиция тарту арқылы жұмыс орындары көбейеді, инновацияға жол ашылады, экономикалық өсім жеделдейді. Яғни, инвестор тарту тек бір кәсіптің ғана емес, тұтас ел экономикасының дамуына да ықпал етеді.

 

Алдыңғы пост

«Рецепттерді жазып беру, есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы» семинар.

Келесі жаңалық

ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ТЫҢДАЛДЫ.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі