elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Uncategorized

«АЛТЫНСАРИН ТАҒЫЛЫМЫ – БІЛІМНІҢ БАҒДАРШАМЫ» АТТЫ ТАҒЫЛЫМДЫ ШАРА ӨТТІ.

20 октября, 2026
in Uncategorized, Аймақ, Басты жаңалықтар, Таным, Түркістан облысы
0
«АЛТЫНСАРИН ТАҒЫЛЫМЫ – БІЛІМНІҢ БАҒДАРШАМЫ» АТТЫ ТАҒЫЛЫМДЫ ШАРА ӨТТІ.
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
«АЛТЫНСАРИН ТАҒЫЛЫМЫ – БІЛІМНІҢ БАҒДАРШАМЫ» АТТЫ ТАҒЫЛЫМДЫ ШАРА ӨТТІ.
25 қазан – Республика күні қарсаңында Сауран ауданында қазақ халқының ұлы ағартушысы, көрнекті педагог, жазушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына арналған тағылымды іс-шара өтті.
Еліміздің басты мерекелерінің бірі – Республика күнімен тұспа-тұс келген бұл мерейтойдың мәні ерекше. Өйткені ұлт болашағының негізі – білім мен тәрбие, ал Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық мұрасы осы құндылықтармен тығыз байланысты.
Жібек жолы ауылдық округіне қарасты Ескі Сауран елді мекеніндегі Ы.Алтынсарин атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектепте ұйымдастырылған «Алтынсарин тағылымы – білімнің бағдаршамы» атты шараға аудан басшылығының өкілдері, зиялы қауым өкілдері, ардагер ұстаздар, ел ағалары, мектеп ұжымы мен оқушылар қатысты.
Атап айтқанда, Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Қалеке, аудандық білім бөлімінің басшысы Ғ.Әметбеков, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Н.Қожабаев, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Т.Салғараев, қоғам қайраткері М.Атамбаев, Қазақстанның Мәдениет қайраткері, композитор С.Елеуов, аудандық Ақсақалдар алқасының төрағасы Б.Жарылқасынов және өзге де құрметті қонақтар қатысты.
Жиында сөз алған қонақтар ұлы ағартушының қазақ даласында білімнің шамшырағын жағып, ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосқанын атап өтті. Оның еңбексүйгіштікке, адамгершілікке және білімге үндеген өсиеттерінің бүгінгі ұрпақ үшін де маңызын жоғалтпағанына тоқталды.
Іс-шара барысында Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Қалеке білім беру саласында жемісті еңбек етіп жүрген ұстаздарға аудан әкімінің Алғыс хаттарын табыстап, еңбектеріне құрмет көрсетті.
Мерекелік бағдарлама аясында Ыбырай Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесі сахналанып, шығармаларынан үзінділер мәнерлеп оқылды. Ұстаз бен шәкірт сабақтастығын бейнелейтін қойылымдар көпшілікке ерекше әсер қалдырды.
Республика күні қарсаңында өткен тағылымды шара ұлттың жарқын болашағы білімді ұрпақтың қолында екенін тағы бір мәрте айқындады.
Ыбырай Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» деген ұлағатты үндеуі – ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын мәңгілік өсиет. Ұлы ұстаздың мұрасын дәріптеу – ел ертеңіне қызмет ететін саналы, білімді ұрпақ тәрбиелеудің маңызды бөлігі.
Алдыңғы пост

Түркістан қалалық емханасында түсіндіру семинары өткізілді

Келесі жаңалық

ЖРВИ, қызылша және ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу бойынша семинар өткізілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ноябрь 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Окт    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі