elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Uncategorized

КЕЗЕКТІ ОН ЖЕТІНШІ СЕССИЯ

6 июня, 2022
in Uncategorized
0
КЕЗЕКТІ ОН ЖЕТІНШІ СЕССИЯ
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Сессия отырысына қала әкімі М.Әйтенов, әкімдік мүшелері, аудан әкімдері, тиісті басқарма басшылары, БАҚ өкілдері қатысты. Сессия тікелей онлайн трансляцияда көрсетілді. Кезекті он жетінші сессияны мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов ашып, регламентке сәйкес күн тәртібіне енгізілген 10 мәселені талқылады.
Олар:
1. «2022-2024 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» 2021 жылғы 13 желтоқсандағы №12/92-VII Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2. Шымкент қаласы әкімдігінің және Шымкент қаласы тексеру комиссиясының Шымкент қаласының 2021 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есептері;
3. «Шымкент қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы» 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №72/675-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
4. Шымкент қаласы аумағында кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы;
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына Шымкент қаласында орналасқан мемлекеттік заңды тұлғаларды қайта атау және жеке адамдардың есімін беру жөнінде ұсыныстарды енгізу туралы;
6. «Шымкент қаласы әкімінің және Шымкент қаласы аудандары әкімдерінің халықпен кездесулерінің 2022 жылға арналған күнтізбелерін келісу туралы» 2022 жылғы 18 ақпандағы №13/112-VII Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
7. «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы;
8. «Шымкент қаласы мәслихатының 2022 жылға арналған жұмыс жоспары туралы» 2021 жылғы 13 желтоқсандағы №12/103-VII Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
9. «Шымкент қаласы мәслихаты аппаратының штат құрылымы туралы» 2021 жылғы 18 наурыздағы №3/27-VII Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
10. Шымкент қаласы мәслихатының кезекті сессиясының өткізілуін жоспарлау туралы.
Аталған мәселелер сессия алдында бірлескен тұрақты комиссияда егжей-тегжейлі талқыланып,сессия барысында депутаттар бірқатар сауалдар жолдады. Олар өңіріміздің көкейкесті мәселелерін қамтып, нақты іс әрекеттердің жүзеге асырылуына ықпал етті. Жиын соңында қортынды сөз алған қала әкімі М. Әйтенов ұсынылған мәселелердің маңыздылығына тоқталып, Шымкент қаласының мегаполис мәртебесін алғанына төрт жыл толуына орай, алдағы келе жатқан қала күнімен құттықтап, жиынға қатысқан мәслихат депутаттарына осы бағытта кешенді шараларды іске асыру үшін жұмыла жұмыс істеуге шақырды.
Шымкент қаласы мәслихатының баспасөз қызметі.
Алдыңғы пост

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТТЫҢ ХАТШЫСЫ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Келесі жаңалық

“Тек аяқжол салып кеткен”: Халық тірлігі шала шымкенттік шенуніктерге көңілі толмай отыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі