elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Uncategorized

“Тек аяқжол салып кеткен”: Халық тірлігі шала шымкенттік шенуніктерге көңілі толмай отыр

9 июня, 2022
in Uncategorized, Қоғам
0
“Тек аяқжол салып кеткен”: Халық тірлігі шала шымкенттік шенуніктерге көңілі толмай отыр
0
SHARES
115
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Тротуар бар, бірақ жол жоқ. Ал автобус тек жол бар көшемен ғана қатынайды. Ынтымақ елдімекенінің халқы үшінші мегаполистің қақ ортасында тұрып инфрақұрылымнан жұрдаймыз деп ашынады. Айтуларынша, 2014 жылдан бері бір әкімдікдің есігін қағып, бір жол салдыра алмай келеді.

Ынтымақ елдімекенінің тұрғындары “Шымкенттегі шенеуніктердің жұмысына қарнымыз ашады” дейді. Өйткені, шырылдап жүрген халыққа “жол салып береміз” деп уәде еткен атқамінерлер тек тротуармен шектеліпті. Бүгінде Жаңатілек көшесіне тек жаяу жүргіншілерге арналған аяқжол ғана салынған.

 

“Мен 2015 жылдан бері осы жерде тұрамын. Бүгінге дейін асфальт төсеу мәселесін көтеріп келеміз. Ешқандай нәтиже жоқ. Мына аяқжолды салып бастағанда қуанып едік. Бірақ қуанышымыз су сепкендей басылды. Тек сол тротуармен тоқтап қалды. Ал маңындағы 3 көшеде тіпті ол да жоқ. Қашан біз тегіс, асфальті бар көшеде жүреміз? Шыдамның да шегі болады ғой. Қазір ауылда да жол бар. Ал біз әлі шаң, лай көшемен жүрміз”,-дейді Ынтамақ елдімекенінің тұрғыны Анапия Сұлтанбекова.

“Жазда шаңнан көшеге шыға алмаймыз. Қыстыгүні тіпті жүру мүмкін емес. Аяқ киімнен аяқ киім қалмайды. Аэропорттың маңында, қаланың ортасында тұрады деп ешкім айтпайды. Ауыл сияқтымыз құдды. Ешқандай жағдай жасалмаған. Мысалы, мен осы көктемнің кезінде тасқа сүрініп құлап қалдым. Сөйтсем, екі аяғымның тобығы шығып кетіпті. Бұл жақта мен сияқты қариялар көп қой. Бір жол салып беру қиын ба? Халықтың жағдайын жасамай ма?”,-дейді Ырысты Ералина.

Жолы жоқ көшеге автобус та келмейді. Яғни, бұл елдімекен жұрты қоғамдық көлік мәселесі де шешілмеген. Тұрғындар аялдамаға бару үшін жазда шаң, қыста лай көшемен кемі 500 метрдей жаяу жүруге мәжбүр. Әрі автобустың интервалы да дұрыс сақталмайды екен. Мұны түсірілімге келе жатқан кезде байқадық. Алаш базарында бір топ әйел әр автобусқа шығып, шу шығарып жатыр екен. Не мәселе екенін анықтау үшін барып сұрап көрдік. Сөйтсек, осы елдімекенге келетін жалғыз 12 б автобусын күтіп тұрғандарына бір сағатқа жуық уақыт болыпты. Ал 12-нің өзі 5 рет келген көрінеді.

 

Ақыры ұзақ күткен қоғамдық көлік келді. Бірақ бұл да жұртты діттеген жеріне дейін алып бармайды. Бір сағат автобус күткен халық, түскеннен кейін тағы бір сағат жаяу жүруі керек.

Ынтымақ елдімекенінің бұдан басқа да мәселелері шаш етектен. Бірақ автобус пен жол проблемасы өзекті болып отыр. Біз жұрттың жанайқайын тыңдаған соң қалалық автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Ержан Жолдасовқа хабарластық. Алғашында “халыққа жауап беруге әзірмін,15 минутта барамын” деп тұтқаны қойған басқарма басшысы бірнеше минуттан кейін “қазір қала тұрғындарын қабылдап жатырмын, ертең жауап беремін” деді. Алайда автобус компаниясының өкілін жіберді. Ол интервал мәселесін шешіп беретінін айтты. Бірақ жұрт бұл жауапқа қанағаттанбады. Ал Ержан Жолдасовтың бұл жағдайдан хабары бар екен. Мұны әкімдікке барып сұрап алдық.

Ержан Жолдасов, Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

“Жаңа тілек” көшесінің құрылысы өткен жылы басталды. Бірақ біз тапсыра алмай қалдық. Өйткені, мердігер компания өз жұмысын атқара алмады. Біз оларды сотқа бердік. Содан құрылыс жұмыстары аяқсыз қалып, 2022 жылға өтпелі болды. Енді қазір соттың шешімін күтіп отырмыз. Егер сот ол компанияны қара тізімге енгізсе, біз қайтадан конкурсқа қоямыз. Бірақ биыл аяқтап береміз. Сметасы бар. Ал, қалған Бозжусан, Темірші, Ақжұлдыз деген көшелер 2023 жылға жоспарланған. Яғни, келесі жылы асфальт салып береміз деп отырмыз”.

Қарапайым халық қоғамдық көлік мәселесін де түбегейлі шешіп берсе екен деп отыр. 23 бағыттағы автобусты созып беруін немесе тағы бір бағыттағы қоғамдық көлік қосуын талап етуде.

Мегаполистің қақ ортасында тұрып проблемадан көз ашпайтын халықтың жанайқайына биліктегілер құлақ түреді деген сенім бар. Себебі, біз “Еститін үкіметі” бар “Жаңа Қазақстан” құрып жатқан жоқпыз ба?!

                                           Мөлдір Ибадуллаева 

Алдыңғы пост

КЕЗЕКТІ ОН ЖЕТІНШІ СЕССИЯ

Келесі жаңалық

Сарыағаш тұрғынының ауласынан 2400 түп “көкнар” табылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі