elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Сайрамда 150 мың текше метр газоблок өнімдері өндіріледі

 Сайрам ауданында БАҚ өкілдеріне арналған пресс-тур өтті.

16 ноября, 2023
in Uncategorized
0
Сайрамда 150 мың текше метр газоблок өнімдері өндіріледі
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Тур аясында журналистер алдымен Манкент ауылдық округінде орналасқан «Өзге» спорт кешеніне бас сұқты. Биыл ғана ашылған кешен бүгінгі таңда 15 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Мекеме басшысы Нусратилла Абдукадировтың айтуынша, аудандағы жастардың спортқа деген ықыласы ерекше. Болашақта ел абыройын асқақтатар спортшылардың шығарына сенім мол екенін жеткізді спорт жанашыры.
БАҚ өкілдері кейін «ECO-BUILDING GROUP» ЖШС-на барды. Серіктестік жылына 150 мың текше метр газоблоктар мен бетон бұйымдарын өндіреді. Құны 1 млрд 26,3 миллион теңгелік зауыт — өнімдерін Шымкент қаласы, Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облыстарына экспорттайды. Қазіргі таңда кәсіпорын 62 азаматты тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Тур аясында Қарабұлақ ауылдық округіндегі заңсыз салынған нысандар көрсетілді. Жауаптылар бұл өңірден талапқа сай емес 17 ғимаратты анықтаған. Аудан әкімі Арман Сәбитовтың тапсырмасына сәйкес, қазіргі таңда аталған заңсыз нысандарды бұзу жұмыстары жүргізілуде. Бастапқыда аудан басшысы «қызыл сызықта» орналасқан ғимараттарды өз еркімен бұзуға 20-қазанға дейін уақыт берген болатын. Бүгінгі күні талаптарды орындамағандардың ісі сотқа жіберіліп, кәсіпкерлерге 1,5 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған.
БАҚ өкілдері келесі кезекте Көлкент ауылындағы «Ауыл аманаты» жобасы аясында кәсібін кеңейткен тіс емханасында болды. Маружон Имамов басшылық ететін мекеме мекеме жабдықтарын жаңалап, ғимаратын кеңейту үшін мемлекеттен 7,1 миллион теңге қаржы алған. Жалпы, Сайрам ауданында аталған жобаның игілігін көріп, кәсібін дөңгелетіп отырғандар жетерлік. Өңірдегі Ақбұлақ, Жібек жолы, Қайнарбұлақ және Көлкент ауылдық округтері енген «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жалпы 266 жобаны іске асыру жоспарланған. Бүгінгі таңда 132 жоба 757,6 миллион теңге көлемінде мемлекеттен қолдау алған.

Алдыңғы пост

В Сайрамском районе производится подсолнечное масло под брендом "Turkistan"

Келесі жаңалық

ОТЫРАРДА ЖАЛПЫ ҚҰНЫ 67 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі