elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Экономика

ОТЫРАРДА ЖАЛПЫ ҚҰНЫ 67 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

Отырар ауданында биыл 9 айда жалпы өндірілген өнім көлемі 80,1 млрд теңгені құрады.

18 ноября, 2023
in Экономика, Қазақстан
0
ОТЫРАРДА ЖАЛПЫ ҚҰНЫ 67 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Ал өнеркәсіп өнімінің көлемі – 15 млрд теңгеге жетсе, ауыл шаруашылығының өнім көлемі — 29,7 млрд. теңге көлемінде. Бұл туралы бүгін Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанханов мәлімдеді.
Аймақ басшысының айтуынша, негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі – 26,3 млрд теңге жеткен.
— 2023-2025 жылдары ауданға жалпы 66 млрд 970 млн теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр. Осыған орай, бүгінгі таңда 26 инвестициялық жоба іріктелді. Биылғы жылы ауданда 2 инвестициялық жоба іске қосылды. Атап айтқанда, «Arm Wind» ЖШС-і күн энергиясын алатын 100 мыңға жуық панель орнатып, жоба толық іске қосылды. Қазіргі таңда онда 50 адамды жұмыспен қамтылған. Екіншісі, 50 адамға арналған қонақ үй жобасы. Бүгінгі таңда кешен өз жұмысын бастады, — деді аудан әкімі.
Бұдан бөлек, Отырар ауданы бойынша 38 елді мекеннің 33-і орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылған. Қалған елді мекендерде құрылыс жұмыстары жүруде. Ал табиғи газ 13 елді мекенге беріліп отыр. Олар: Ақтөбе, Жаңа Шілік, Ескі Шілік, Қарақоңыр, Қарғалы, Ш.Қалдаяқов, Мыңшұқыр, Ынталы, Қоғам, Бестораңғыл, Ақтам, Талапты, Шәуілдір елдімекендері. Қалған елді мекендерді көгілдір отынмен қамту жұмыстары жалғасуда. Аудан көлеміндегі жалпы автокөлік жолдардың ұзындығы – 863,25 шақырымды құрайды. Оның ішінде қанағаттанарлық жағдайдағысы — 543,93 шақырым.
Алдыңғы пост

Сайрамда 150 мың текше метр газоблок өнімдері өндіріледі

Келесі жаңалық

АСЫҚ − ТҮРКІ ЖҰРТЫНА ОРТАҚ ОЙЫН

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі