Түркістан облысы, Сайрам ауданы А.Исмаилов атындағы кәсіптік колледждің арнайы пән оқытушысы Әлия Мұратқызы байқаудағы ашық сабақта студенттердің оқу мотивациясын дамыту әдістері мен тәсілдерін көрсетіп, жоғары дәрежеде өткізді. Республикалық кезең қорытындысы бойынша ол «Үздік педагог-2023» атағына ие болды.
Сонымен қатар, сарыағаштық ұстаз Абдуманап Икрамұлы да «Үздік педагог-2023» байқауының жеңімпазы атанды. Ұлағатты ұстаз Сарыағаш ауданы №4 мамандандырылған мектеп-интернатында 2007 жылдан бері қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып қызмет атқарады. Ол «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісінің иегері. Соңғы 3 жылда облыстық деңгейде 38 рет, республикалық деңгейде 7 рет жалпы білім беретін пәндер бойынша өткізілетін олимпиадалар мен ғылыми жоба байқауларында жүлделі орындарды иеленген.
Сондай-ақ, Республикалық байқауда үздіктер қатарынан Айдос Есіркегенұлы да табылды. Биология пәнінің мұғалімі білім саласында 6 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2017 жылы Назарбаев университетін тәмамдаған ұстаз оқу әдістемесінің ерекшелігімен қазылардан оң баға алып, 2023 жылдың «Үздік педогогы» атанды.