Түркістан облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бірқатар маңызды жобалар жүзеге асып жатыр. Жаңадан салынып жатқан ғимараттардың құрылыс барысы тікелей Түркістан әкімінің бақылауында.
Кезекті рет құрылыс алаңдарында болып, Дархан Амангелдіұлы атқарылып жатқан жұмыстарды жауаптылармен бірге пысықтады. Мердігерлермен кездесіп, нақты тапсырмалар жүктеді.
Түркістан қаласында «Достық үйі» ғимараты бой көтеріп жатыр. Жұмыстар қарқынды жүріп құрылысы аяқталуға жақын.
Сонымен қатар, облыс орталығындағы «Жаңа қала» аумағында «Жайлы мектептің» құрылысы жүріп жатыр. Заманауи үлгіде салынып жатқан білім ұясын отандық өнімдермен жабдықтауды көздеп отырған сыңайлы. Мектепте оқушылар мен мұғалімдер үшін барлық қолайлы жағдай қарастырылмақ.
Екі нысанды да биыл пайдалануға беруді жоспарлап отыр екен.