elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН ТҮРКИЯ ЕЛІНІҢ АРАСЫНДА МЕДИА БАЙЛАНЫС ОРНАТЫЛМАҚ.

15 декабря, 2024
in Uncategorized, Басты жаңалықтар, Түркістан облысы
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН ТҮРКИЯ ЕЛІНІҢ АРАСЫНДА МЕДИА БАЙЛАНЫС ОРНАТЫЛМАҚ.
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН ТҮРКИЯ ЕЛІНІҢ АРАСЫНДА МЕДИА БАЙЛАНЫС ОРНАТЫЛМАҚ.
Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов бастаған өңір делегациясы іссапармен Түркия еліне барды. Жұмыс сапары барысында Ыстанбұл қаласындағы «Аlbayrak Media Group» холдингінің кеңсесінде болып, холдинг басшылығымен өзара тиімді ынтымақтастық орнату туралы уағдаласты.
Кездесу барысында Зұлпыхар Жолдасов екі ел ынтымақтастығының мүмкіндіктеріне тоқталды.
Сонымен қатар «Turkistan Media Holding» мекемесінің бас директоры Жанахмет Ағыбаев екі холдингтің бірлескен жобаларын жүзеге асыру бойынша ұсыныстарын айтты. «Бірінші кезекте өзара контент алмасуды жолға қойып, көрермендерге екі елді кеңінен танытатын деректі фильмдерді бірлесе түсіруді ұсынамын. Сіздер тарапынан қызығушылық болса бірлескен реалити-шоу және телесериал түсіруге де дайынбыз», деді Жанахмет Ағыбаев.
«Аlbayrak Media» холдингінің Ақпараттық директоры Өмер Қабылан бұл ұсыныстарды қуана қабыл алып, жақын арада Түркістанға сапарлап келуге шешім қабылдап отырғанын айтты. Сол кезде ресми келісімге қол қойып, екі медиа холдинг арасындағы бірлескен жобаларды тез арада бастауға дайын екенін жеткізді.
«Аlbayrak Media» – Түркиядағы ең жас әрі беделді БАҚ. Холдингтің көпке танымал негізгі интернет ресурстарынан бөлек ТV NET, GZT телеарналары да бар.
Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАНДА «ÓZGEEPIC» КРЕАТИВ ХАБЫНЫҢ РЕСМИ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ.

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ 2024 ЖЫЛЫ ТУУ КӨРСЕТКІШІ БОЙЫНША БІРІНШІ ОРЫНДА ТҰР.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі