СҮЙІНШІ ЖАҢАЛЫҚ!Түркістан облысының намысын абыроймен қорғаған Сарыағаш аудандық орталық ауруханасының дәрігерлерінен құралған футбол командасы VI-шы Қазақстан чемпионатында 1-орынды жеңіп алды!
Екі күнге созылған тартысты турнирде біздің дәрігерлер топтық кезеңде Ақтөбе, Алматы облысы, Астана және Алматы қалаларының құрамаларын артта қалдырып, ширек финалда Маңғыстауды, жартылай финалда Абай облысын айқын басымдықпен ұтты.
Шешуші финалда Павлодар құрамасымен тең ойнап (0:0), пенальти сериясында қақпашымыздың қырағылығы мен ойыншылардың шеберлігінің арқасында алтыннан алқа тақты.
Біз чемпион дәрігерлерімізді мақтан тұтамыз! Алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!
