elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ – КОРЕЯ ІІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ФОРУМЫ ТҮРКІСТАНДА ӨТУДЕ.

17 сентября, 2025
in Uncategorized, Басты жаңалықтар, Түркістан облысы, Қоғам
0
ОРТАЛЫҚ АЗИЯ – КОРЕЯ ІІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ФОРУМЫ ТҮРКІСТАНДА ӨТУДЕ.
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
ОРТАЛЫҚ АЗИЯ – КОРЕЯ ІІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ФОРУМЫ ТҮРКІСТАНДА ӨТУДЕ.
Түркістан қаласында «Түркістан – Ұлы Жібек жолындағы халықаралық ынтамақтастық орталығы» тақырыбында жергілікті өзін-өзі басқару органдарының екінші ынтымақтастық форумы өтуде. Алғашқы «Орталық Азия – Корея» форумы былтыр Корея Республикасында өткен болатын. Бүгінгі кездесу осы маңызды миссияның жалғасы ретінде тәжірибе алмасуға және нақты шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін алаңға айналды.
Орталық Азия – Корея халықаралық форумына Корея және Орта Азия елдерінің, сондай-ақ еліміздің өзге өңірлерінің делегациясы қатысты. Делегация құрамында Корея Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжо Тэ Ик, «GAROK» қауымдастығының бас хатшысы Ю Мин Бон, Қырғызстан Республикасы Министрлер кабинеті жанындағы Мемлекеттік қызмет және жергілікті өзін-өзі басқару істері жөніндегі мемлекеттік агенттіктің жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту басқармасының басшысы Джээнбаев Бактыярбек, «Woosong University Kazakhstan» университетінің директоры Чон Ёнг Хва бар.
Алдымен, халықаралық форумда Түркістан облысының инвестициялық мүмкіндіктерінің таныстырылымы көрсетілді.
Форумда Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров алғысөз алып, Түркістан облысы стратегиялық әріптестікті нығайтуға, өңіраралық байланысты кеңейтуге және бірлескен бастамаларды іске асыруға дайын екенін жеткізді.
Сонымен қатар басқосуда Корея Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжо Тэ Ик, «GAROK» қауымдастығының бас хатшысы Ю Мин Бон, Қырғызстан Республикасы Министрлер кабинеті жанындағы Мемлекеттік қызмет және жергілікті өзін-өзі басқару істері жөніндегі мемлекеттік агенттіктің жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту басқармасының басшысы Джээнбаев Бактыярбек, «Woosong University Kazakhstan» университетінің директоры Чон Ёнг Хва сөз алып, серіктестік орнатуға дайын екендерін жеткізді.
Көп ғасырлар бойы Ұлы Жібек жолының жүрегі болған Түркістан – мәдениеттер мен идеялар, сауда жолдарының тоғысқан мекені. Түркістан облысы халықаралық байланыстарды белсенді түрде дамытып келеді. Қытай Халық Республикасының бірқатар аймақтарымен, Орталық Азия елдерімен және Түркиямен бауырлас өңірлік қарым-қатынастар орнатылған. Ынтымақтастықтың жарқын үлгісі – Қазақстан мен Өзбекстан арасында бірлесіп құрылып жатқан «Орталық Азия» халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығы.
Түркістан облысы – Қазақстандағы жетекші аграрлық өңірлердің бірі.
Облыс мақта, көкөніс және жеміс-жидек өсіру бойынша республикада 1 орында. Жыл сайын жылыжайлар мен егістік алқаптарының көлемі артуда. Салаға Кореяның жасанды интеллект, робототехника және биотехнологияға негізделген озық агротехнологияларын, соның ішінде заманауи «ақылды» жылыжайлар салу тәжірибесін енгізу жоспарлануда. Сонымен қатар облыстың бірегей тарихи ескерткіштері, бай мәдениеті, қонақжайлылығы пен әсем табиғаты туризмді дамытуға зор мүмкіндік береді.
Түркістан қаласында IT саласының мамандарын дайындайтын Woosong университетінің филиалын ашу – өңірдің цифрлық трансформациясына бағытталған маңызды қадам. Бұл жоба Қазақстан мен Корея арасындағы ғылыми-білім беру ынтымақтастығын нығайта түспек.
Айта кетейік, 2024 жылдың қорытындысы бойынша Корея Республикасы Қазақстан экономикасына инвестиция құю көлемі жағынан шетелдік ірі инвесторлар арасында үшінші орында. Өткен жылы екі ел арасындағы екіжақты тауар айналымы 3,1 млрд АҚШ долларына жетті. Бүгінгі таңда Қазақстанда Hyundai, KIA, Samsung, LG, Doosan және басқа да 876 оңтүстік кореялық компания табысты жұмыс істеп келеді.
Алдыңғы пост

"Діни экстремизмнің алдын алу және ұлттық құндылықтарды насихаттау" тақырыбында жасөспірімдермен кездесу өтілді.

Келесі жаңалық

БІРЫҢҒАЙ ДИКТАНТ ЖАЗУ САҒАТЫ.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі